Германия СІМ: Украинаға көмектесуді жалғастырмасақ, соғыс ЕО және НАТО аумағына тез тарайды

Германияның сыртқы істер министрі босқындардың жаңа легі қаупі туралы да ескертті

Админ

Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок Ресей агрессиясынан қорғанып жатқан Украинаға көмек қысқартылса, Германия мен НАТО үшін қауіпті салдары болатынын ескертті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер біз Украинаға көмектесуді жалғастырмасақ, Путиннің әскері Польша шекарасына жетуі мүмкін. Ал ары қарай соғыс ЕО және НАТО территориясына тез тарайды.

Егер бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді өзіміз қорғауымыз керек болса, қанша шығындалатынымызды есептеу қиын. Түптеп келгенде, бұл бір нәрсеге байланысты: Украинаны қолдау көрсету бізге соғысты өзімізден аулақ ұстауға мүмкіндік береді», - деді Бербок.

Германияның сыртқы істер министрі босқындардың жаңа легі қаупі туралы да ескертті.

«Егер Украина бұдан былай өзін-өзі қорғай алмаса, ал Киевке көмек көрсетілмесе, миллиондаған адамдар қашуға мәжбүр болады», – деді ол.

Оның айтуынша қазірдің өзінде миллионнан астам украиналық Германияны паналап отыр.

«Украинаның жеңілісі өз елінің еркіндігіне ғана емес, Еуропа үшін де өлімге әкеледі. Сондықтан Украинаға көмекті күшейту керек», - деді министр.

Ол тағы да дүние жүзіндегі серіктестерді Украинаны әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз етуді жалғастыруға шақырды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13