Денсаулық сақтау экс-министрі Талапқали Ізмұхамбетов дүниеден өтті

Админ

Бүгін еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі, медицина қызметкерлерінің көптеген ұрпақтарының тәлімгері Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды , деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастады, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Медициналық қоғамдастықтың, көптеген студенттердің, әріптестердің есінде ол жарқын ерекше тұлға, өз ісінің үлкен энтузиасты болып қала береді, ол ұлтты сауықтыру бойынша бірқатар ірі бастамалардың авторы болды.

Денсаулық сақтау министрлігі әйгілі дәрігердің барлық жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Талапқали Әбішұлының баға жетпес еңбектері, ауқымды идеялары қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарының денсаулығы үшін қызмет ететін болады. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13