Қырғызстанда «Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері ұсталды

Ұсталған 4 адам Бішкектегі №1 тергеу абақтысына қамалды

Админ

«Ислам мемлекеті» халықаралық лаңкестік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясын белсенді түрде насихаттайтын астыртын радикалды топ іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Кабар-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, Бішкек пен елдің басқа аймақтарында барлығы 15 адам ұсталған. Олардың тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіліп, көп мөлшерде діни әдебиет тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Топ жетекшілерінің бірін әлеуметтік желіде «ИМ» халықаралық лаңкестік ұйымының Ауғанстаннан келген мүшесі қашықтан жұмысқа алды. Өзі соның нұсқауларын орындап, басқа жақтастарын тартуға кіріскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, таратылған фото және бейнематериалдарда «террорлық әрекеттерге жария шақыру», «ұлттық, нәсілдік, этникалық, діни және өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыру» және «халифат» орнату арқылы конституциялық құрылысты құлату» белгілері бар.

Сонымен қатар атыс қаруын және суық қаруды қолдану, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жасау бойынша оқу-әдістемелік бейнероликтер таратылды.

Осылайша, ұсталған 4 адам Бішкектегі №1 тергеу абақтысына қамалды, осы топтың басқа да мүшелері мен сыбайластарын анықтау бойынша кешенді тергеу-жедел шаралары жалғасуда.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13