Германияда ауғанстандық жігіт украиналық әйелді пышақтап кетті

Қылмыстың себебі әзірге түсініксіз

Админ

Германияның батысында 19 жастағы ауған жігіті украиналық әйелге пышақпен шабуыл жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Франкфурт-на-Майнеде 41 жастағы Украина азаматы жағалаудағы орындықта отырған кезде шабуылға ұшырады. Ауғанстаннан келген 19 жастағы босқын оның артынан жүгіріп келіп, басы мен мойнына пышақ сұғып алған. Әйел қашып кетпек болған, бірақ ол оны қуып жетіп, құлатып, пышақ сұғуды жалғастыра берген.

Өтіп бара жатқандар тез арада полиция мен жедел жәрдем шақырған. Қылмыскер қашып, бұталардың арасына тығылмақ болғанмен қолға түсті. Украиналық әйел қазір ауруханада жатыр.

Bild мәліметінше, қылмыскер Германияда тоғыз айдан бері тұрады және тұруға рұқсаты бар. Соңғы уақытта ол Ладенбургтегі босқындар үйін паналап келді. Оның бұрын полициямен ешқандай проблемасы болмаған. Украиналық әйел Германияға 2022 жылдың ақпанында көшіп кеткен.

Қылмыстың себебі түсініксіз. Жігіт пен әйел бір-бірін танымаған. Ол жәбірленушіні кездейсоқ таңдаған көрінеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13