Шымкентте әскери инженерлер аудан тұрғындарына уақытша көпір салып берді

Оның ұзындығы – 10,5 метр, 60 тонна жүкті көтеруге жарамды

Админ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімі инженерлік-саперлік бөлімшесінің мамандары республикалық маңызы бар қалада Бадам өзені арқылы өтетін уақытша көпір салып берді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңаталап» шағын ауданын қаламен байланыстырып тұрған көпір жарамсыз болып, халық тығыз қоныстанған алаптың алты мыңнан астам тұрғыны үшін Шымкентпен байланыс үзіліп қалған болатын.

Уақытша көпірді орнату үшін әскери инженерлер КрАЗ-255Б көлігінің негізінде ТММ-3 көпір төсегішін қолданды.

Қазіргі уақытта көпір арқылы қозғалыс қалпына келтірілді. Оның ұзындығы – 10,5 метр, 60 тонна жүкті көтеруге жарамды.

«Қалалық ТЖД-дан Бадам өзені арқылы уақытша өткел жасап беру туралы сұраныс түскеннен кейін 15 инженерден тұратын біріккен жасақ жіберілді. Кешке қарай олар жеңіл көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына қолайлы металл көпірді орнатуды аяқтады», – деді 35748 әскери бөлімінің инженерлік қызмет бастығы майор Ерік Райымов.

ТММ-3 ұзындығы 40 метрге дейін және тереңдігі 3 метрге дейінгі кедергілерден өтетін көпір өткелдерін орнатуға жарамды. Олар салмағы 60 тоннаға дейінгі дөңгелекті және шынжыр табанды техниканы көтере алады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13