Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған Мәсімов Президенттен кешірім сұрады

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы биыл наурыз айында кешірім жасау туралы өтініш білдірді

Админ

Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш берді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Informburo.kz сайтының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр. ҰҚК-нің бұрынғы басшысы биыл наурыз айында кешірім жасау туралы өтініш білдірді

«Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады», – делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК мәліметінше, Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және 366-бабы, 4-бөлігі («аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Ал 2023 жылғы сәуір айының соңында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күштеп басып алуға тырысқаны, билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13