Зеленский: Ресейдің Харьков облысындағы шабуылы сәтсіз аяқталды

Ресей мамыр айында Харьков бағытындағы шабуылын күшейткен

Админ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Харьков облысындағы шабуылы сәтсіз аяқталғанын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Владимир Зеленский видео үндеуінде Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскиймен майдандағы жағдайды талқылағанын айтты.

«Ресей армиясының Харьков операциясын жүзеге асыра алмағаны өте маңызды нәтиже болды. Біз қазір мүмкіндігінше Харьков облысына үрей тудыратын Ресей бөлімшелерін жойып жатырмыз. Қарқыны күшейді. Алдағы уақытта одан да күшті болады», - деді Зеленский.

Айта кетейік, Ресей мамыр айында Харьков бағытындағы шабуылын күшейткен. Ресей армиясы Белгород облысы аумағынан Волчанск және Харьков бағытында Украина шекарасын кесіп өткенмен, 7-8 шақырымнан ары қарай жылжи алған жоқ.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13