Ұлттық Ұланның қызметкері абайсызда адам өлтіргені үшін сотталды

Жәбірленушінің өкілдерінің пайдасына 6 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді

Админ

Ақмола облысында әскери сот абайсызда адам өлтіргені үшін Ұлттық Ұланының қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Ақмола гарнизоны әскери сотымен қару-жарақпен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соғу фактісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының «Б» арнайы мақсаттағы бөліністің әскери қызметшісі Е-ге қатысты қылмыстық іс (ҚК-тің 462-бабының 2-бөлігі) қаралды.

«Сотпен анықталғаны, сотталушы «Е» әскери бөліністің басқада әскери қызметкерлерімен бірге, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу үшін жүргізуші сержант «Ч»-ның басқаруындағы қызметтік автокөлікпен кездесу пунктіне келген.

Аталған кездесу пунктінде ҰҚК өкілдерін күту кезінде, сотталушы «Е» жүргізуші «Ч» артындағы жолаушылар орындығында отырып, қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, қылмыстық немқұрайлылық түрінде әрекет ете отырып, адамға өлім келтіру ниетісіз,  абайсызда жүргізуші орындығында отырған сержант «Ч» тарапына екі рет жауынгерлік қарудағы патрондармен оқ атқан», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде Ч. өлімге алып келген денсаулыққа «АУЫР» зиян келтірген.

Сот үкіміне сәйкес, әскери қызметші Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 462-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ жәбірленушінің өкілдерінің пайдасына 6 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13