АҚШ Украинаға 225 млн доллар тұратын жаңа көмек пакетін дайындап жатыр

Көмек пакетінің нақты қашан жарияланатыны белгісіз

Админ

АҚШ жақын арада Украинаға 225 миллион доллар болатын жаңа көмек пакетін дайындап жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Украинаға көмектің келесі партиясы туралы мәліметтер АҚШ президенті Джо Байденнің Владимир Зеленскиймен кездесуі алдында белгілі болды. Екі лидер арасындағы келіссөз бейсенбі күні одақтастардың Нормандияға қонғанына 80 жыл толуына арналған тойлау кезінде өтуі керек.

Көмек пакетінің нақты қашан жарияланатыны белгісіз, бейсенбі немесе жұма, деп жазады Reuters.

Жыл басында АҚШ Конгресінің қаржыландыруды мақұлдамауынан туындаған алты айға жуық үзілістен кейін Киевке көмек көрсетуді ары қарай жалғастырды.

Америка парламенті Украинаға 60 миллиард доллар көмек жіберуге рұқсат беретін заң қабылдағаннан кейін Киев Вашингтоннан бірнеше көмек пакетін алды, оның ішінде снарядтар, зымырандар мен броньды машиналар бар.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13