Си Цзиньпин: Қытай тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдайды

Египет президенті Газа секторында соғысты тоқтатуға шақырды

Админ

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы соғысты тоқтату үшін ауқымды бейбіт конференция өткізуге шақырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Таяу Шығыс – дамудың болашағы зор жер, бірақ аймақта әлі де соғыс жүріп жатыр. Соғыс тоқтаусыз жалғасуы мүмкін емес. Әділеттілік орнауы керек. Екі мемлекет туралы шешімге нұқсан келтіруге болмайды. Қытай 1967 жылғы шекара бойынша толық егемендікке ие, тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды, ал оның астанасы ретінде Шығыс Иерусалимді белгілеуді қолдайды. Сол сияқты Палестинаның БҰҰ-ға толыққанды мүше ретінде кіруін қолдайды», - деді Си Цзиньпин Бейжіңде араб елдерінің өкілдері алдында сөйлеген сөзінде.

Си Цзиньпиннен кейін сөз сөйлеген Египет президенті Әбдел Фаттах әс-Сиси халықаралық қауымдастықты Израильдің Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы соғысын тоқтатуға шақырды.

«Мен халықаралық қауымдастықты Газаға тез арада ұзақ мерзімді гуманитарлық көмек көрсетуге, Израильдің соғысты тоқтатуын және палестиналықтарды өз жерінен кетуге мәжбүрлеуді тоқтатуға шақырамын», - деді Египет президенті.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13