Польша ресейлік дипломаттардың жүріп-тұру еркіндігін шектейді

Мұндай қадамға Ресейдің Еуроодақ пен Польшаға қарсы гибридті соғысқа қатысуы себеп болды

Польша ресейлік дипломаттардың жүріп-тұру еркіндігін шектеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскидің айтуынша, мұндай қадамға Ресейдің Еуроодақ пен Польшаға қарсы гибридті соғысқа қатысуы себеп.

Тиісті дипломатиялық нота жақын арада Варшавадағы Ресей елшілігіне жіберіледі. Шектеулер елшінің өзіне емес, елшілік пен консулдықта жұмыс істейтін барлық басқа дипломаттарға қатысты болады. Алдағы уақытта оларға тек жұмыс орнына сәйкес аймақта жүруге рұқсат беріледі.

«Ресей мұны өте маңызды ескерту сигналы ретінде қабылдайды деп үміттенемін», - деді Сикорский.

Польша билігі ресейлік барлау қызметін кибершабуылдар мен бірнеше ірі өртке қатысы бар деп күдіктенеді. Өткен аптада сондай-ақ диверсияға әрекет жасады деген айыппен 12 адам қамауға алынды, деді премьер-министр Дональд Туск.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13