Су тасқыны: 4,3 мыңнан астам үй апатты деп танылды

Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды

Елімізде болған су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүріп жатыр? 28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді, оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақыға жатады) болып саналады. 

«Бүгінгі таңда 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасалды, ол – жалпы санның  84%-ы. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй апатты деп танылды.

Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-сін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыны барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылғанын атап өтті», – делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18