Қытай армиясы Тайвань аралы төңірегіндегі әскери оқу-жаттығуын жалғастыруда

Жұма күні Қытайдың жағалау күзетінің кемелер жасағы Тайвань аралынан шығысқа қарай су айдында кешенді оқу-жаттығу өткізді

Қытайдың халық-азаттық армиясы бүгінде Тайвань аралы төңірегінде бірлескен әскери оқу-жаттығуын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі  South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

ҚХАА Шығыс жауынгерлік қолбасшылық аймағының ресми өкілі Ли Сидің айтуынша, оқу-жаттығу барысында Әскери-теңіз күштері мен Әскери-әуе күштерінің бірлескен патрульдік қызметі, ұрыс даласында жан-жақты бақылау құқығын бірлесіп иелену және негізгі нысандарға дәл соққы беру жұмыстары басты назарда болады.

Шығыс жауынгерлік қолбасшылығы бейсенбі күні Тайвань аралы төңірегінде «Бірлескен өткір қылыш-2024» оқу-жаттығуын өткізетіндігін жария еткен болатын. Әскери іс-шара 23-24 мамыр күндеріне жоспарланған.

Жұма күні Қытайдың жағалау күзетінің кемелер жасағы Тайвань аралынан шығысқа қарай су айдында кешенді оқу-жаттығу өткізді.

«Тексеру және біріздендіру, ескерту және ығыстыру сынды негізгі бағдарламаларды қамтитын маневрлер жағалау күзетінің кемелер жасағының теңіздегі төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету және бірлесіп шолғындау қабілетін шыңдауға бағытталған», – деді Қытай Жағалау күзетінің ресми өкілі Гань Юй.

Оқу-жаттығулар Тайвань бұғазында, Тайвань аралының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Цзинмэнь, Мацзу, Уцю және Дунъинь аралдарының айналасындағы аудандарда өтуде.

Бұған дейін Қытай әскері Тайвань айналасында жаттығуларын бастағанын хабарлаған болатынбыз.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18