Тоқаевтың тапсырмасымен Қошанов Иран президентінің жерлеу рәсіміне қатысады

Ибрагим Раиси мінген тікұшақ 19 мамырда апатқа ұшырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Ибрагим Раиси мінген тікұшақ 19 мамырда апатқа ұшырады. Бортта Раисиден бөлек сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан болды. Екеуі оқиға орнында қаза болды.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18