Жамбыл облысында жетім балаларға берілуі тиіс ондаған пәтер заңсыз бөлініп кеткен

Олар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылған

Меркі ауданының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтарының бұзылғанын анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға бірінші кезектегі құқығы бар тұлғалар арасында тұрғын үйлерді бөлу кезінде заңнаманы бұзуға жол бергені анықталды.

Мәселен, 2022 жылы аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетім балаға баспана бермеген.

«Осылайша, жетім балалар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 3 бала тұрғын үй кезегіне қойылды, 4 балаға құқықтық құжаттарды рәсімдей отырып, тұрғын үй қорынан пәтер берілді», - делінген прокуратура хабарламасында.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13