Астанада азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты компанияның басшысы сотталды

Сот үкімімен 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов пен бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Антикор дерегінше, олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді.

«Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13