Семей орманында болған өртке қатысты екі адам 7 жылға сотталды

Семей орманында өрт былтыр 8 маусымда болды

Семей орманы табиғи резерватындағы ірі орман өртіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бородулиха аудандық соты ҚК 292-бабы 3-бөлігі «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық істі қарады.

«Сот «Семей орманы» резерватында және Жаңа Үлбі филиалында басшылық лауазымдарды атқарған В. және К. орман өрті кезінде оларға жүктелген өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамағанын, жағдайды дұрыс бағаламағанын және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегенін, соның салдарынан 14 адам қаза тапқанын анықтады. В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және т. б. толық дәлелденген», - делінген соттың хабарламасында.

Сот екі азаматты 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, былтыр 8 маусымда «Семей орманы» резерватында өрт шығып, 14 орманшы көз жұмған. 12 маусым аза тұту күні болып жарияланды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13