«Құдайдың көмегімен жеңіске жетеміз»: Нетаньяху Байденге жауап берді

АҚШ ескерту ретінде Израильге әуе бомбаларының партиясын жіберуден бас тартқан

Америка Құрама Штаттары Рафахта үлкен операция бастаса, Израильге оқ-дәрі жеткізуді тоқтататынын айтып қорқытқаннан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел әскері тіпті жалаң қолмен де соғысуға дайын екенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер жалғыз күресу керек болса, біз жалғыз күресеміз. Осыған дейін айтқанымдай, қажет болса, тырнағымызбен де күресеміз. Бірақ біз табандылығымызбен және Құдайдың көмегімен жеңіске жетеміз», - деді Нетаньяху видеоүндеуінде.

АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні теледидарға берген сұхбатында Америка Құрама Штаттары палестиналық бейбіт тұрғындар бассауғалап отырған Рафах қаласына шабуыл жасалса, Израильге қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізуді тоқтататынын айтқан. Бұған дейін АҚШ ескерту ретінде Израильге әуе бомбаларының тағы бір партиясын жіберуден бас тартқан болатын.

Агенттік мәліметінше, Нетаньяху бұл туралы видеоүндеуінде тікелей айтқан жоқ, бірақ оның сөйлеген сөзінің мазмұны америкалықтарға жауап болғаны анық.

Ол өз сөзінде 1948 жылғы соғысты еске алды.

«Осыдан 76 жыл бұрын тәуелсіздік соғысында біз аз едік, ал жауымыз көп болатын. Қолымызда қаруымыз да болған жоқ. Израиль қару эмбаргосының астында болды. Бірақ арамыздағы орасан зор қайраттың, қаһармандық пен бірліктің арқасында жеңіске жеттік», - деді премьер-министр.

БҰҰ шенеуніктері Рафахты бірнеше күнде 80 мыңнан астам адам тастап кеткенін хабарлады.

Израиль ұшақтары апта бойы Рафахқа нысаналы соққылар жасап келеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18