Шахтададағы өртті сөндірген: Айбар Қосанов «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын

Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. 

Бықсыған отты алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов сөндірді.

Кенші оқиға туралы хабарлап жатқанда шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылған.

Сағат 19:45–те сигнализацияға байланысты түтін сөндірілгеніне қарамастан эвакуация жоспары бойынша шахтадағы 194 кеншіні сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданған.

Сағат 21:47–де 187 кенші жер бетіне шығарылды. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18