Түркия мұсылман әлемін Газа секторын қорғау үшін нақты қадамдар жасауға шақырды

Анкара Израильге және оны қолдайтын елдерге қарсы шұғыл әрекет етуге шақырды

Түркияның сыртқы істер министрі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 15-ші саммитіне қатысу үшін Гамбияның астанасы Банжул қаласына ресми сапармен барды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі trtrussian.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дипломатиялық дереккөздердің хабарлауынша, саммитте Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын дереу тоқтату және қақтығыстың тұрақты шешіміне қол жеткізу үшін нақты қадамдар туралы шешімдер қабылдау жоспарланып отыр.

«Түркия бұл шешімдердің тиімді және нақты болуын қамтамасыз етуді, бітімге келу үшін Израильге қысым жасауды, Газаға гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуді мақсат етеді», - делінген.

Анкара Израильге және оны қолдайтын елдерге қарсы шұғыл әрекет ету, Газадағы қанды қырғынды тоқтату және тұрақты бітімгершілікті қамтамасыз ету, гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізу, Израильді жауапкершілікке тарту, Палестина үшін үгіт-насихат жүргізу, келісімді жүзеге асыру, ислам әлемінің бірлігі сияқты бірқатар бастамаларды ұсынады деп күтіліп отыр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18