Ресей әскері Авдеевка маңындағы бір ауылды басып алды – Bild

Украинаға батыс елдерінен әскери көмек жеткені туралы ақпарат тарады

Өткен аптада Ресей Қарулы Күштері Авдеевканың солтүстік-батысында үстемдік жасап, Очеретино ауылына дейін жетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, ресейліктер осылайша Украина қарулы күштерінің позицияларына 3 шақырым тереңдей түсті. Содан бері олар пайда болған плацдармды үнемі кеңейтіп келеді.

Bild сарапшысы Джулиан Рёпкенің айтуынша, Ресей әскерлері Архангельск ауылына кіріп, Сокол ауылына қарай жылжып барады.

«Ресей басқыншы күштері Архангельскінің оңтүстік бөлігін басып алып, Соловьев пен Соколдың ортасынан өтті. Олар үлкен шығынға ұшырап жатыр, бұл украиналық қорғаушылар үшін жаңа оқ-дәрілердің келгенін көрсетеді», – деп жазады Рёпке.

Айта кетейік, осы аптаның басында Ресей қорғаныс министрлігі Донецк облысындағы Семёновка ауылының басып алынғанын мәлімдеген болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18