АҚШ: Ресей Солтүстік Кореяға жасырын түрде мұнай өнімдерін жеткізіп тұрады

Ресей Солтүстік Кореяға наурыз айында 165 мың баррель мұнай өнімдерін жіберген

Ресей Солтүстік Кореяға БҰҰ-ның КХДР-ға қарсы санкцияларында көзделген шектен тыс мұнай өнімдерін жасырын жеткізіп отыр. Бұл туралы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Джон Кирби мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Сол сияқты Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяға қарсы санкциялардың сақталуын бақылау жөніндегі сарапшы топтың мандатын ұзартуға тосқауыл қойды. Нәтижесінде 1 мамырдан бастап топ жұмысын тоқтатты.

«Мәскеу топтың мандатын ұзартуға шектеу қойды, сонымен бірге Ресей Шығыс портынан КХДР-ға мұнай өнімдерін тасымалдап жатыр», - деді Джон Кирби.

Кирбидің айтуынша, тек наурыз айында Ресей Солтүстік Кореяға 165 мың баррель мұнай өнімдерін жөнелткен, ал санкциялар бойынша Пхеньян жылына 500 мың баррель ғана импорттауға рұқсат етілген.

Өз кезегінде Солтүстік Корея өткен жылдың соңынан бері Ресейге 11 мыңға жуық вагон оқ-дәрілер мен зымыран тасығыштар жібергенін айтты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13