Қазақстан әскерінің жаңа ұшақтары мен тікұшақтары таныстырылды

Авиабаза Астана әуе айлағында орналасқан

Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың ұшақтары мен тікұшақтарының, жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

Қасым-Жомарт Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов жауынгерлік тапсырмаларды өз деңгейінде орындау үшін базада барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Президент әскери қалашықтың Даңқ залына барып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Авиабазаның Астана әуе айлағында орналасуы жеке құрам мен техниканы қажет жеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ әуеден барлау жүргізу, зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде Ұлттық ұланның бөлімшелеріне авиациялық қолдау көрсетеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18