Иранда рэп орындаушы өлім жазасына кесілді

Ол Ресеймен соғыста Украинаны жақтағаны белгілі болды

33 жастағы рэп орындаушы Тумадж Салехи 2022 жылдың қазан айында тұтқындалды. Оны үкіметке қарсы шеруге қатысқаны үшін жауапқа тартқан. Рэп орындаушы өзінің сөздерінде және шығармашылығы арқылы наразы топқа қолдау білдірген. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Informator.ua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы шілде айында Салехи алты жыл үш айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді. Бірақ кейінірек Исфахан қаласының соты Жоғары соттың үкімін қайта қарап шығып, рэп орындаушыны өлім жазасына кесті.

Музыканттың адвокаты Амир Раисианның айтуынша, қалалық соттың әрекеті ақылға сыймайды, оның қорғауындағы азамат үкімге қатысты шағым білдіретін болады.

Сондай-ақ Салехидің Ресеймен соғыста Украинаны жақтағаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран азаматтары Махса Амини есімді студенттің өлімінен кейін наразылық білдірген. Бойжеткенді хиджап кимегені үшін әдеп полициясы тұтқындаған болатын. Полицейлер Аминидің жүрегі тоқтап қалды деп мәлімдегенмен, марқұмның туыстары құқық қорғаушыларға сенбейтіндерін айтып, полицейлер қызды ұрып өлтірді деп мәлімдеген.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18