Йемен жағалауында сауда кемелері үшін қауіп сейілмей тұр – Euronews

Хуситтер бүгінге дейін 50-ге тарта азаматтық кемеге шабуыл жасаған

Нұрқанат Омарұлы

Йемендік хуситтер Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасауды қайта бастаған болуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еуропа мен Азия арасындағы негізгі кеме қатынасы бағытында, нақтысы Йемен жағалауындағы Баб-эль-Мандеб бұғазында жарылыс болды.

Хабарламаға сәйкес, жарылыс Джибутиден оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде сауда кемесінің маңында болған. Бұл туралы ақпаратты Біріккен Корольдіктің теңіз сауда операцияларымен айналысатын әскери бөлімшесі (UKMTO) таратты.

«Кеме экипажы қауіпсіз жерде. Билік тарапы тергеу жүргізіп жатыр», - делінген британ әскерлерінің мәлімдемесінде.

Бұл оқиға Иран тарапынан қолдау тапқан йемендік хуситтердің судағы халықаралық сауда жолы бойындағы әрекеттерін қайта жандандырғандарының дәлелі болуы мүмкін. Бірақ хуситтердің өзі бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын нақты айтпаған.

2023 жылдың күзінен бастап олар ХАМАС-пен ынтымақтасып, бір кемені басып алып, тағы бір кемені суға батырып, шамамен 50 азаматтық кемеге зымыран және дронмен шабуыл жасады. Соңғы аптада АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің нысандарына әуе шабуылын жасағаннан кейін тыныштық орнады.

Бірақ қауіп сейілмегендіктен Қызыл теңіз бен Аден шығанағы арқылы теңіз жүк тасымалының көлемі айтарлықтай қысқарған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13