ТМД Бас хатшысының орынбасары болып Нұрлан Сейтімов тағайындалды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасарын таныстырды

Нұрдәулет Кәкіш

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД Атқару комитетінің ұжымына өзінің жаңа орынбасары – Қазақстан Республикасының өкілі Нұрлан Сейтімовті таныстырды. Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Нұрлан Сейтімов – тәжірибелі маман. Біздің ТМД Атқару комитетіндегі бірлескен жұмысымыз жарқын әрі нәтижелі болатынына сенімдімін. Жұмысқа деген ынтаңыздың жоғары екені көрініп тұр, алда көп жұмыс күтіп тұр», - деді Сергей Лебедев.

Нұрлан Сейтімов өз жауабында осындай беделді халықаралық ұйым қызметкерлерінің қатарында болғанына қуанышты екенін білдірді. 

«Мен өз тарапымнан жүктелген жұмысты лайықты деңгейде жалғастыру үшін бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсайтыныма сендіргім келеді», - деп атап өтті Нұрлан Сейтімов.

Нұрлан Сейтімов ТМД Бас хатшысының орынбасары болып Дәурен Абаевтың орнына барды.

Нұрлан Сейтімов 1964 жылы 9 шілдеде дүниеге келген. Семей технологиялық институтын және әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын үздік бітірген. Саясат ғылымдарының кандидаты, неміс тілін біледі. Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі дипломатиялық дәрежесі бар. «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген, ұл, қызы бар.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18