«Әкімдіктен қысым болмауы керек»: министр су басқан аумақтан тұрғындарды көшіру туралы айтты

«Қостанай облысында тасқын салдырынан су басқан ауылдардан халықты Арқалық қаласынан үй алуға мәжбүрлеп жатыр деген ақпарат қаншалықты рас?»

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа Қостанай облысындағы ауыл тұрғындарының шағымы жеткізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қостанай облысында тасқын салдырынан су басқан ауылдардан халықты Арқалық қаласынан үй алуға мәжбүрлеп жатыр деген ақпарат бар. Бұл қаншалықты рас? Су басқан өңірлердегі тұрғындарды басқа жерге күштеп көшіру заңды ма?» - деп сұрады журналист.

Қанат Шарлапаев мұндай әрекет заңсыз екенін атап өтті.

«Бүгінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мендегі мәлімет бойынша, әкімдік 27 пәтерді Арқалық қаласынан сатып алған. Бұл су тасқынынан зардап шеккендерге арналған. Бұл әр адамның өзінің таңдауы. Мысалы, ол Арқалыққа көше ме, ауылда қала ма? Бұл шешімді адам өзі қабылдайды. Әкімдіктен ешқандай қысым болмауы керек», - деді министр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18