Астана мектептерінде атыс болатыны туралы жалған хабар тарады

Полиция департаменті тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратқа сүйенуді сұрайды

Елорда мектептерінде атыс болатыны жайлы хабардан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп  хабарлайды Sarbaz.kz.

Кеше белгісіз біреулер әлдебір Telegram арнада Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы үздіксіз ақпарат таратты.

«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты», - деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұрайды.

Естеріңізге салсақ, жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18