Бас прокуратура: 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды

Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастыруда

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.

Сонымен қатар, бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18