Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан: 2024 жылға арналған ҰҚШҰ жаттығулары белгіленді

Үш елдің аумағында түрлі жаттығулар өтеді

ҰҚШҰ-ның бірлескен штабында 2024 жылы ҰҚШҰ әскерлерімен бірлескен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша алғашқы келіссөздер өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шара барысында бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу жоспарларының негіздері, тартылған басқарушы органдар мен әскерлердің құрамы, басшылықты ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері қаралып, талқыланды.

2024 жылы бірлескен жедел-жауынгерлік дайындықтың негізгі іс-шараларының қатарында мыналар жоспарланған:

Қырғыз Республикасының аумағында – ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы, барлау күштері мен құралдарымен «Іздестіру-2024» арнайы оқу-жаттығуы, күштері мен құралдарымен арнайы оқу-жаттығуы, «Эшелон-2024» ҰҚШҰ Әскерлерін (Ұжымдық күштерін) материалдық-техникалық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының аумағында – ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы; Тәжікстан Республикасының аумағында – Орталық Азия өңірінің Ұжымдық жедел әрекет ету күштері қолбасшылығымен жедел жиын және «Рубеж-2024» Орталық Азия жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығуы.

Бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық іс-шаралары ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің миссияларды бірлесіп орындауға дайындығын қолдау мақсатында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитеті бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18