«Бомба бар»: жалған хабар берген адам қолға түсті

Күдікті бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған

Наркологиялық диспансерде бомба туралы жалған хабар берген адам ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

8 сәуірде сағат 16.00 шамасында Меркі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат расталмады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ауданның 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол есірткіге мас күйде қоңырау шалғанын мойындады.

Ұсталған адам бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған және есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған. Өткен жылы жоғарыда аталған наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде стационарлық емдеуден өткен. Қазіргі уақытта терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін тағы да еске салады.

Сонымен қатар сот шешімі бойынша кінәлі адам «жалған терроризм» актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге мәжбүр болады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13