Дүкенде есірткі сатып келген: бүтін бір отбасы ұзақ мерзімге сотталды

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ

Астана, Қостанай және Рудный қалаларының азық-түлік дүкендерінде құрамында есірткі бар көкнәр сатылып келген. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотымен 04.03.2024 жылы аса ірі мөлшерде көкнәр сабаны және опий бар 5 тоннадан астам көкнәрді сақтау және бөлшек саудамен айналысқан 7 адамнан тұратын отбасы мүшелеріне қатысты үкім шығарылды.

Сотталғандар Астана, Қостанай және Рудный қалаларындағы азық-түлік дүкендері арқылы құрамында есірткісі бар заттарды заңсыз сату бойынша «отбасылық» бизнес ұйымдастырған.

«Сотта мемлекеттік айыптаушылар бірнеше миллиондық қылмыстық пайда алу үшін, сотталғандар өздерінің азық-түлік дүкендерінде нашақорларға, олар көктамыр ішіне енгізуге арналған опийді жасау үшін, опийлық көкнәрдітағамдық көкнәр, сондай-ақ оның құрамдас бөліктері (құрылыстық еріткіш, ас содасы, сірке суы, «Тропикамид», «Мидакс» медициналық заттары) түрінде сатқанын дәлелдеді.

Сот процесі алқабилердiң қатысуымен өтті. Олардың үкімі негізінде сотталушылар сотпен ұзақ мерзімге (10 жылдан 11 жылға дейін) бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13