Еліміздің 6 өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының жылынуы мен қардың тез еруінен су тасқыны болды

Қазақстанның 6 облысында республикалық маңызы бар 8 жолда автокөлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 398 км) қозғалыс шектелді.

«5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруінен 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы 3 280 метр) су тасқыны болды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарға 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13