Жыл басынан бері 16 ірі есірткі зертханасы анықталды

Есірткі өндірісіне қатысқан 15 адам ұсталды

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елдегі есірткі ахуалы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Биыл 2063 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Есірткі өткізудің 517 фактісі тоқтатылды. Әрбір үшінші факт интернет арқылы жасалады. Сондай-ақ, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды», – деді спикер.

Жыл басынан бері төрт ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін сегіз қылмыстық іс қозғалды. 16 есірткі зертханасы анықталды. Оның сегізінде синтетикалық есірткі өндірілген.

Есірткі өндірісіне қатысқан 15 адам ұсталды. Олардан 128 кг есірткі мен 390 литр прекурсор тәркіленді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13