Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған фотосы көрсетілді

Салтанат бұл фотосын 2023 жылдың 20 наурызында хатпен бірге жіберген

Салтанат Нүкенованың бауыры Айтбек Амангелді сот отырысында әпкесінің соққыға жығылған фотосын көрсетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол бұл суретті Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі кезінде көрсеткен.

«Маған бұл фотосуреттер келді, онда соққыдан көгерген жерлері анық көрінеді. Оның үстіне бетіне бірнеше соққы жасалғаны көрініп тұр. Салтанат үшін қатты қорқып, оған түнгі сағат бірде қоңырау шалып едім, телефонын көтермеді. Содан уайымдап, Қуандыққа телефон шалдым. Не болғанын сұрап едім, үйіне шақырды. Барғанымда маған оның қатысы жоқ екенін айтты», - дейді Айтбек Амангелді.

Бауырының айтуынша, Салтанат өзінің суреттерін 2023 жылдың 20 наурызында хатпен бірге жіберген:

«Мына фотолар сенде болсын. Мен әдейі жіберіп отырмын. Бұл бұрын болған. Өтінемін, көрген бойда маған ешнәрсе жазба», - деді ол.

Зардап шеккен тараптың айтуынша, бұл жағдай фотосуреттер мессенджер арқылы жіберілгенге дейін бір апта бұрын түсірілген. Салтанат Нүкенованы ұрып-соғу фактісі 2022 жылы желтоқсанда тұрмысқа шыққаннан кейін тіркелген. Фотосуретте Салтанаттың екі көзінің асты көгергені, әсіресе сол жақ көздің асты қатты соққы алғаны анық байқалады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13