30 млрд теңге бөлген: Жамбыл облысында инвестордың құқығы бұзылып келген

Ол электр қуатына қосылу үшін қосалқы станция құрылысын бастай алмаған

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Жамбыл облысында прокурорлар инвестордың құқығы қорғалуына жәрдем берді. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысының Қордай ауданында «Korcem» сингапурлық инвестормен цемент зауытын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.

Зауыттың құрылысына қазіргі таңда 30 млрд теңге инвестиция тартылды және өңірдегі алдыңғы қатарлы зауыттардың бірі.

«Инвестор бос жер телімінің болмауына байланысты ұзақ уақыт бойы электр қуатына қосылу үшін қосалқы станция құрылысын бастай алмаған.

Прокуратураның көмегімен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жерлерді мемлекеттік қорға қайтару жолымен инвестордың проблемалық мәселесі шешілді.

Қазіргі уақытта инвестор жаңа жер учаскесінде электр қуатын жүргізу бойынша құрылыс жұмыстарын бастады.

Инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері Жамбыл облысы прокуратурасы органдарының бақылауында», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13