Никол Пашинян: Аптаның соңына таман Армения мен Әзербайжан арасында соғыс басталуы мүмкін

Әзербайжан Армениядан шекарадағы сегіз ауылды босатуды талап етті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян кезекті аумақтық мәселелерге қатысты аптаның соңына таман соғыс басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Спутник Армения» басылымына сілтеме жасап.

«Бұл аптаның соңында соғыс болуы мүмкін екенін білдіреді. Ал мен бұл соғыстың соңында не болатынын білемін. Сосын Республика алаңында кездескенде: «Жарайды, біз қарапайым ауыл тұрғынымыз, бізде ешқандай ақпарат болған жоқ, бірақ сіз бәрін білдіңіз ғой» деп айтатын едіңіз», - деді Пашинян Тавуш облысының Воскепар ауылының тұрғындарымен кездесуінде.

Премьердің айтуынша, екі ел арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау процесін бастауға нақты мүмкіндік бар. Әңгіме Баганис ауылынан Тавуш облысындағы Беркабер ауылына дейінгі учаске туралы болып отыр.

Наурыз айының басында Әзербайжан Армениядан оккупацияланған деп санайтын шекарадағы сегіз ауылды босатуды талап етті. Олар: Баганис-Айрум, Ашагы Аскипара, Хейримлы және Гызылгаджылы, Юхара Аскипара, Кярки, Софулу, Бархударлы.

Ал Баку Ереван өздеріне тиесілі деп санайтын 31 ауылды басып алғанын жоққа шығарды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ САРБАЗДАР

Бүгін, 16:25
Админ
  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21