Кәсіпкердің құқығын бұзған: Қарағандыда лауазымды полицейлер жауапқа тартылды

Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы кәсіпкерлік субъектінің құқықтарын қалпына келтіріп, Полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі қойған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іс аясында кәсіпкердің шағымын қарау кезінде кафенің қызметін мөрлеу арқылы тоқтату фактісі анықталды.  

«Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.

Полиция бөлімшесі кәсіпкерлік субъектісінің заңды құқықтарын бұзып, қызметін заңсыз тоқтатып, материалдық залал келтірілуіне жол берген.

Прокурорлық ден қою шараларымен көрсетілген нысаннан шектеу шаралары алынып тасталды, кәсіпкерлік субъектісі жұмысын жалғастырды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13