Үш мыңға жуық көлік заңсыз есепке қойылған: мемлекетке 14 млрд теңге залал келді

Алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық мамандандырылған ХҚО-ларында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығына тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында Агенттік, Цифрлық даму министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады.

Кездесу барысында бүгінгі таңда алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді.

«Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тараптарды тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу», — деді ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов.

Цифрландыру Вице-министрі Асқар Жанбакин өз кезегінде ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлады, бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректерді автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік береді. Жүйені жаңарту ХҚО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді «қолмен» енгізудің жолын кеседі.

Атап айтқанда, 2023 жылдың тамыз айынан бастап ҚМА 23 қылмыстық іс тіркелді, аталған істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік өтуде. Мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асты.

Тараптар осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті тетіктерін әзірлеу үшін осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ САРБАЗДАР

Кеше, 16:25
Админ
  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21