Алаяқтардан қорғану жолы: қазақстандықтар несие алудан белгілі бір кезеңде бас тарта алады

Заң жобасына жаңа мүмкіндіктер енгізілді

Қазақстандықтар алаяқтардан қорғану үшін несие алудан өз еркімен бас тарта алады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, соңғы екі жылда банктер 9,8 млрд теңгеге 8,8 мың жалған несие берген. Бұл ретте заңсыз несиелердің 82 пайызы банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімделген.

Осыған орай азаматтарды алаяқтардан қорғауды күшейту үшін заң жобасына азаматтардың несие алудан өз еркімен бас тарту құқығы енгізілген. Сонымен қатар жеке тұлғалардың мұндай бас тартуы болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарына оларға несие беруге тыйым салынады. Азаматтар өз еркімен бас тартқан кезеңде олардың атына кредит рәсімделген болса, кредиторлар ол берешекті есептен шығаруға міндетті болады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18