Қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ол 60-қа жуық адамнан 63,3 млн теңге алған

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеу жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау», іздеу түрі – «Халықаралық».

«Жұбанаев Алмас Оразалыұлы заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында «Instagram» әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам, келтірілген залал сомасы – 63 373 356 теңгені құрайды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ САРБАЗДАР

Кеше, 16:25
Админ
  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21