Бангладеште көпқабатты үй өртеніп, 40-тан аса адам қаза болды

Тағы ондаған адамды күйік шалған

Бангладеш астанасы Даккада көпқабатты үйдегі өрттен кем дегенде 43 адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жеті қабатты кешенде жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22.00 шамасында басталған өрт тез арада бүкіл ғимаратқа таралып, ондаған адам оттың ортасында қалған.

Жергілікті өрт сөндірушілер тілсіз жаудың сөндірілгенін хабарлады. Ал өрттің шығу себебі әлі белгісіз.

Елдің денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сеннің айтуынша, қаза тапқан 43 адамның арасында әйелдер мен балалар бар, тағы ондаған адам күйік шалғандар бөліміне жеткізілген.

«Алтыншы қабатта отырғанымызда, баспалдақ маңайынан көтерілген түтінді көрдік. Көп адам баспалдақпен жоғары қарай қашты. Ал біз керісінше, су төгетін құбыр арқылы төмен түсіп, аман қалдық. Кейбірі жоғарғы қабаттардан секіріп жарақат алды», - деді қашып үлгерген Сохел есімді мейрамхана менеджері.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13