Есірткі сатушыдан 20 млн теңге тұратын «синтетика» тәркіленді

Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын телефондар тәркіленді

Семейде есірткі сатушылардан құны 20 млн теңге болатын «синтетика» тәркіленді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды.

Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері екі ұсталғанның тұрғынжайын тінту кезінде салмағы 500 грамнан асатын «мефедрон» психотроптық затын тауып, тәркіледі.

Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын телефондар тәркіленді. Есірткі тұтынуға арналған 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді, олардың «қара» нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13