Әскери техниканы жеткізуде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған шенеунік ұсталды

Ол «Қазарнаулыэкспорт» РМК-да 2017 жылдан бері қызмет етіп келді

Астанада «Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғанов ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылғы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК Бас директорының м.а. Аршат Аяғанов ұсталды», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

«Қазарнаулыэкспорт» РМК – Қазақстан Республикасының Үкіметі Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қамтамасыз ету мақсатында құрылған кәсіпорын. Қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүлікті әкелу және жеткізу салаларында жұмыс істейді.

Компанияның сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бас директордың орынбасары Аршат Сәрсенбайұлы Аяғанов 1988 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ гуманитарлық заң университеті (2010). «Заң бакалавры» мамандығы

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (2022). «Шетел тілін білетін магистр» мамандығы

Ол 2017 жылдан бері «Қазспецэкспорт» АҚ-да жұмыс істеп, импорт департаментінің басшысы, Экспорттық бақылау және ақпараттық талдау департаментінің директоры, Импорт департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2023 жылдың ақпанынан - «Қазспецэкспорт» РМК бас директорының орынбасары.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ САРБАЗДАР

Кеше, 16:25
Админ
  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21