Байден: Израиль Рамазан айында соғысты тоқтатуға келісті

Ол екі тарап арасында атысты тоқтату қандай жағдайда мүмкін болатынын айтты

АҚШ президенті Джо Байден Израильдің Рамазан айында ХАМАС-пен соғысты уақытша тоқтатуға келіскенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байден бұл туралы NBC арнасында айтты. Сол сияқты Израильдің ХАМАС-ты жою үшін алдымен Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласынан палестиналықтардың эвакуациялануына рұқсат беруге міндеттеме алғанын мәлім етті.

Байден сондай-ақ, кепілге алынғандар босатылғаннан кейін екі тарап арасында атысты тоқтату туралы келісім бар екенін айтты.

«Рамазан айы жақындап қалды. Бізге кепілге алынғандарды босатуға уақыт беру үшін израильдіктермен Рамазан айында ешқандай әрекетке бармайтыны туралы келісім жасалды», - деді ол.

Айта кетейік, 2024 жылы мұсылмандар үшін қасиетті болған Рамазан айы 10 наурыз күні кешке басталып, 9 сәуір күні кешке аяқталады.

Байденнің айтуынша, уақытша атысты тоқтату Израильдің көршілерімен қарым-қатынасын реттейді және палестиналықтардың мемлекет құруына мүмкіндік береді. Сол сияқты өзге де араб мемлекеттерімен қарым-қатынасқа да әсер ететінін айтты.

«Сауд Арабиясы Израильді мойындауға дайын. Иордания дайын. Египет, тағы алты мемлекет бар. Мен қазір Қатармен жұмыс істеп жатырмын», - деді Байден.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13