Арнайы операция: ірі қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Олардың есірткі тасымалына қатысы бары анықталды

Полиция қызметкерлері кешенді жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізу арнасын жолға қойған тұрақты қылмыстық топқа тосқауыл қойды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп, құрықтау операциясын бір уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында іске асырды.

Ұйымдастырушы және марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталды. Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.

«Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 кг марихуана мен 15 кг гашиш және күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды», – деді департамент бастығы», – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13