Прокурорлар Қарағанды мектептеріндегі заңбұзушылықтарды анықтады

7000 баланың құқығы бұзылған

Қарағандының прокурорлары мектептерде медицина саласындағы жүйелі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды.

«2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.

Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқығы қорғалды.

__Последние новости

  • БАСТЫ НАЗАРДА

21 ҚАҢТАР – ҚР ҚК ИНЖЕНЕРЛІК ӘСКЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін, 12:54
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ САРБАЗДАР

Кеше, 16:25
  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21