Ресейде Украинаға қолдау білдірген АҚШ азаматы қамауға алынды

Оған мемлекетке опасыздық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Екатеринбургте АҚШ азаматтығы бар әйелдің ұсталғанын мәлімдеді. Мемлекетке опасыздық жасау туралы іс қозғалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Екатеринбургте Ресей мен Америка Құрама Штаттарының қос азаматтығы бар, Лос-Анджелес қаласының 33 жастағы тұрғынының еліміздің қауіпсіздігіне қарсы бағытталған іс-шараларға қаржылық көмек көрсетуге қатысы бар заңсыз әрекеттері тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Әйелге мемлекетке опасыздық жасау туралы қылмыстық іс (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 275-бабы) қозғалды. Сот оны тергеу изоляторына жіберу туралы шешім қабылдады.

Ресейдің барлау қызметінің мәлімдеуінше, 2022 жылдың ақпанынан бастап, яғни Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғаннан бері күдікті «украиналық ұйымдардың бірінің мүддесі үшін ақша жинауға бастамашылық етті». Ол Украинаның қарулы күштері үшін «тактикалық медицина, құрал-жабдықтар, оқ-дәрілер» сатып алуға бағытталған.

Сондай-ақ, ұсталған әйел АҚШ-та Украинаны қолдау үшін бірнеше акцияға қатысқаны үшін айыпталды.

BBC мәліметі бойынша, Украинаны соғыста қолдады деген күдіктілерді ұстау ісі Ресейде үнемі болып тұрады, олардың басым бөлігіне мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13