Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды

Ол бүгінге дейін Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді

Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Дмитрий Михайлович 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991-1995 жж. — ҚР ІІМ-нің Алматы жоғары мектебін, 2003-2005 жж. Т.Рыскұлов атындағы экономика және қаржы университетін бітірген.

Еңбек жолы:

Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары болды (07.2004-03.2019); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020); Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022); Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (03.2022-10.2023); Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (11.10.2023-тен қазіргі уақытқа дейін).

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ САРБАЗДАР

Кеше, 16:25
Админ
  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21