Хуситтер Қызыл теңізде жүк кемесіне шабуыл жасады

Олар Израильмен байланысты кемелердің өтуіне жол бермейтінін ескертті

Йеменде хуситтер тобы Қызыл теңізде жүк кемесін зымырандармен атқылады. Бұл туралы АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап.

«12 ақпанда Иран қолдау көрсететін хуситтер тобы бақылайтын Йемен аумағынан Баб әл-Мандеб бұғазынан екі зымыран атылды. Екі зымыран да MV Star Iris жүк кемесіне қарай ұшырылды», - делінген команданың X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде.

CENTCOM хабарлағандай, кемеге аздаған зақым келді, ал экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Газа секторында ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыстың шиеленісуінен кейін хуситтер тобы Израиль аумағына шабуыл жасайтынын және бұл елмен байланысты кемелердің Қызыл теңіз бен Баб әл-Мандеб бұғазы арқылы өтуіне жол бермейтінін ескертті. Өткен жылдың қараша айының ортасынан бері хуситтер Қызыл теңіз бен Аден шығанағында ондаған азаматтық кемеге шабуыл жасады.

12 қаңтарға қараған түні Ұлыбритания мен АҚШ қарулы күштері ұшақтар, кемелер және сүңгуір қайықтар арқылы Йеменнің Сана мен Ходейда сияқты қалаларындағы хуситеттердің нысаналарына шабуыл жасады. АҚШ президенті Джо Байден бұл соққылардың Қызыл теңіздегі хусит шабуылдарына жауап және қорғаныс мақсатында болғанын айтты.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын хуситтер Ұлыбританияға тиесілі кемені атқылаған болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13